13.02.2014, 19:15 18840

О.Сүлейменов: Барлық ұлтты біріктіретін идеологияның пайда болғанына қуаныштымын

Естеріңізге сала кетейік, кеше ШҚО-да "Мәңгілік Ел" мега-акциясы басталды. Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, акцияның басты шараларының бірі Шығыс Қазақстан өңірінде бастамасы құрылған Ұсыныстар кітапшасының таныстырылымы болды. Кітаптың ерекшелігі сонда, ондағы әр екі бетке әр облыстан жастардың ұлттық идеяны қолдауына байланысты ұсыныстар мен пікірлер жазылады.

Алматы. 13 ақпан. Kazakhstan today. Атақты ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясын қолдауға бағытталып Шығыс Қазақстанда өтіп жатқан мега-акцияда Қазақстандағы барлық ұлтты біріктіретін идеологияның пайда болғанына қуанышты екенін жеткізді.

"Құрметті отандастар, біздің ортақ мекеніміз - көпұлтты Қазақстанда барлық ұлтты біріктіретін идеологияның пайда болғанына қуаныштымын. Сіздер, Шығыс Қазақстан өңірі халқы біздің өндірісіміздің барлық саласында өздеріңіздің белсенділіктеріңізді танытудасыздар. Кешеден бері мен далада адамдарға қарап жүрмін. Түрлеріңізден бақыт пен шаттықты көремін", - дейді ақын.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ШҚО-да "Мәңгілік Ел" мега-акциясы басталды. Осы шараға қатысу үшін Өскеменге арнайы Қазақстанның алғашқы ғарышкері Тоқтар Иубәкіров, атақты ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, атақты театр актері, режиссер, "Достастық жұлдызы" ТМД сыйлығы иегері Асанәлі Ишімов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Сенат депутаттары Талғатбек Абайділдин, Сергей Плотников, Мәжіліс депутаттары Светлана Ферхо, Зухра Саяповалар қатысты.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, акцияның басты шараларының бірі Шығыс Қазақстан өңірінде бастамасы құрылған Ұсыныстар кітапшасының таныстырылымы болды. Кітаптың ерекшелігі сонда, ондағы әр екі бетке әр облыстан жастардың ұлттық идеяны қолдауына байланысты ұсыныстар мен пікірлер жазылады.

Кітапқа ең алғаш пікір қалдырған Олжас Сүлейменов пен Асанәлі Ишімов болды. Енді бұл кітап республиканы аралап, барлық облыстан ұсыныс-тілектер жинауы керек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны