08.09.2026, 15:26 61842 / 11595

Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың мұғалімдермен чатта сөйлесу ережелерін әзірлеуді көздеп отыр

Ведомство ата-аналарды шұғыл емес мәселелер бойынша жұмыс уақытынан кейін мұғалімдерді мазаламауға шақырды
Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың мұғалімдермен қарым-қатынас тәртібін айқындайтын ата-аналар чаттарына арналған бірыңғай ережелерді әзірлеуге дайын, деп мәлім етті министр Жұлдыз Сүлейменова Үкіметте өткен брифинг барысында.

Жұлдыз Сүлейменова ата-аналар чаттарындағы қарым-қатынасты реттеу қажет екенін атап өтті.

"Қазір біз осы талқылаулардың барлығын жинақтап, пікірлерді қарап жатырмыз. Кейбір ата-аналардың да мұны жақсы түсініп, қолдайтынын көріп отырмыз. Ата-аналар қандай мәселелер шұғыл екенін, қандай мәселелер ата-аналар чаттарында талқыланатынын және нені талқыламауға болатынын түсінеді. Мұғалімдер қай чаттарға қатысады, қай чаттарға қатыспайды - менің пайымдауымша бұл жерде регламент қажет. Біз ата-аналар чаттарына қатысты барлық тәсілдер мен жаңашылдықтарды реттейтін бірыңғай нормаларды әзірлеуге дайынбыз. Оның уақыты келді, бұдан әрі осылай жалғаса бермейді", - деді ол.


Оның айтуынша, ережені бұзғандарға қандай да бір айыппұл санкцияларын енгізу қарастылымаған.

"Жоқ, жұмыс уақытанан кейін мұғалімдерді мазалайтын ата-аналарға айыппұл қарастырылмаған. Мұндай жоспар да жоқ", - деп қосты оқу-ағарту министрлігінің басшысы.


Журналистер бұл жұмыстың қалай ұйымдастырылуы мүмкін екенін және сағат 18.00-ден кейін педагогтерге қоңырау шалуға тыйым салу туралы сөз болып отыр ма деген сұрағына министр "Алғашқы кезеңде сағат 18.00-ден кейін мұндай чаттарда мәселелерді талқыламау және оларға жауап бермеу туралы ұсыныс болған. Қазір бізде екі ауысымда оқытатын мектептер бар, сабақтар сағат 20.00-де аяқталады, сондықтан бұл жерде мәселе басқаша бет алатынын көріп отырмыз... Мен ата-аналарды өздерін мұғалімдердің орнына қойып, олардың мойнында қандай жүктеме бар екенін және балалармен қандай жұмыс жүргізетінін түсінуге шақырдым. Сабақтан кейін ата-аналардан шұғыл әрі өте маңызды өтініштер түсуі мүмкін - мұндай жағдайда мұғалімдер міндетті түрде ата-аналарға мәселені шешуге көмектеседі. Бірақ мен қоғамдағы жаңа әдеп туралы, мұғалімдерді түрлі болмашы, ұсақ-түйек мәселелер бойынша мазаламау керектігі туралы айттым", - деп түсіндірді Жұлдыз Сүлейменова.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін министр ата-аналарға арналған бейнеүндеу жариялаған болатын.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде мектептерде 4,1 млн бала білім алады, шамамен 8 млн ата-ана және 420 мың мұғалім бар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны