24.04.2013, 10:51 3566

Обаманы "уламақ" болған адам ақталды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні АҚШ билігі Пол Кевин Кертисті ақтады. Ол президент Барак Обаманың және АҚШ Конгресі сенатының бірнеше мүшесінің атына уы бар хаттар жіберіп отырғаны үшін айыпталған болатын.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - Обаманы "уламақ" болған адам ақталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сейсенбі күні АҚШ билігі Пол Кевин Кертисті ақтады. Ол президент Барак Обаманың және АҚШ Конгресі сенатының бірнеше мүшесінің атына уы бар хаттар жіберіп отырғаны үшін айыпталған болатын.

Сот құжаттарында айтылғандай, оның ақталуына тергеушілердің жаңа мәліметтерді анықтауы себеп болды. Дегенмен,бұл мәліметтердің мәні ашылмай тұр.

Бұған дейін, сейсенбі күні 45 жасар Кертис Оксфорд қаласында қамаудан босатылған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, құрамында рицин бар хаттар 8 сәуір күні у қосылып Мемфистен Теннесиге жіберілген. Ол осындай үш хат жіберген. Хаттың біреуі Обамаға, келесілері АҚШ Конгресінің мүшесіне және Миссисипи штатының бір судьясына арналған. Тергеу амалдары барысында Кертистің улы зат - рицині бар хаттың жіберілуіне еш қатысы жоқ екендігі анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны