24.04.2018, 14:12 4320

"Облако на крыше" кинокартинасы прокатқа шығады

Фильмдегі басты рөл жас актер, режиссер және сценарист Диас Изімжанға бұйырған. Ол Нью-Йорк киноакадемиясын бітіріп, "кино және тв режиссурасы" атты мамандығы бойынша магистр атанған. Айта кетелік, бұл оныӊ толықметрлі кинодағы алғашқы рөлі.

Алматы. 24 сәуір. KazakhstanToday - "A"Star Film" және "Bayterek production" компаниялары түсірген "Облако на крыше" көркем фильмі жалпыұлттық прокатқа биыл сәуірдіӊ 29-ынан бастап шығады. Аталмыш фильмге Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы техникалық қолдау көрсетті. Фильмніӊ сценарий авторы әрі қоюшы-режиссері - актер, режиссер, композитор Илішер Сүлейменов.

Фильм авторларыныӊ айтуы бойынша бұл картина Қазақстандағы алғашқы қалалық сага-фэнтези. Туынды мәӊгілікке жауласып келе жатқан Жақсылы пен Жамандықтыӊ күресін қалалық жастардыӊ түнгі өмірі мен күнделікті тіршілігі арқылы баяндайды.

"Фильм көптіӊ бірі боп жүрген жігіттіӊ өмірін өз ойындарыныӊ ойыншығы еткен Періште пен Изізіл туралы. Екеуі келісімге келіп, сыртынан бақылау жасап, Тимур есімді жігіттіӊ өміріне араласады. Біз шынайы өмірде қаншалықты ертегініӊ орын алатынын және ертегіде шынайы өмірдіӊ барын көрсеткіміз келді. Жалпы айтқанда, фильм үлкендерге арналған ертегі", - сказал Илішер Сүлейменов.

Барлық түсірілімдер Алматы қаласында өткен. Түсірілім локациялары ретінде қаланыӊ түнгі клубы мен биік ғимараттыӊ шатыры алынған. Кейіннен сахналар арнайы эффектілер мен компьютерлік графика арқылы қажетті қалыпқа келтірілген.

Фильмдегі басты рөл жас актер, режиссер және сценарист Диас Изімжанға бұйырған. Ол Нью-Йорк киноакадемиясын бітіріп, "кино және тв режиссурасы" атты мамандығы бойынша магистр атанған. Айта кетелік, бұл оныӊ толықметрлі кинодағы алғашқы рөлі.

Диас Изімжан режиссер ретінде үш қысқамтеражды фильм түсіріп, мынадай кинофестивальдердіӊ лауреаты атанған: Direct Monthly Film Festival, I Республикалық "Байқоӊыр" кинофестивалі, "Los Angeles CineFest", "Barcelona Planet film festival", "Indie Wise virtual film festival".

Сондай-ақ, фильмге Вахид Изимов, Камилла Нугманова, Қазына Абдырахман, Мадина және Медина Тәліпбек, Үсенжан және Асанжан Сұлтановтар және басқалар.

Фильм туралы: Қыз бен жігіт кейпіндегі Періште мен Изіәзіл, қаладағы биік бір ғимараттыӊ үстінен төмен қарап, кетіп бара жатқан Тимур есімді жігітке таӊдаулары түсіп, текетіреске түседі. Ойында ештеӊе жоқ жігіт түӊгі клуб әкімшісі болып табылатын досыныӊ туған күнін тойлау үшін клубқа қарай беттейді...

Өндірісі: A"Star Film, Bayterek production, Kazakhfilm

Сценарий авторы: Илі Шер Сүлеймен

Қоюшы-режиссер: Илі Шер Сүлеймен

Қоюшы-оператор: Ескендір Нарымбетов

Қоюшы-суретші: Ринат Шашубаев

Композиторлар: Асқар Шафи, Стас Ионов

Продюсер: Ариэль Исенова

Хронометражы: 80 минут

Жанры: фэнтези

Шығарылған күні: 2018

Анықтамалық ақпарат:

Илішер Сүлейменов - Актёр, Режиссёр, Сценарист, Композитор

Фильмографиясы: (кинодағы рөлдері) "Жертва для Императора", "Канун", "Лейтенант С", "Балалық шағымныӊ Дон Кихоты", "Третья сторона медали", "Құлагер".

Фильмографиясы: (қоюшы-режиисер және сценарист) "Облако на крыше", "Луна любит Солнце", "Птица", "Мой милый/Айналайын".

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны