19.03.2007, 14:23 3284

Ойын бизнесінің қауымдастығы Қазақстан Республикасының президентінен ойын бизнесі мекемелерін арнайы аймаққа кезең-кезеңмен көшіруге рұқсат беруді сұрайды

АСТАНА. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Ойын бизнесінің қауымдастығы Қазақстан Республикасының президентінен ойын бизнесі мекемелерін арнайы аймаққа кезең-кезеңмен көшіруге рұқсат беруді сұрайды. Осы жөніндегі үндеу бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында жария етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сізден Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңын кезең-кезеңмен жүзеге асыру туралы мәселені қарастыруыңызды сұраймыз және ойынханалардың іс-қызметін уақытша лицензия негізінде 2009 жылдың сәуіріне дейін жалғастыруға рұқсат беруді өтінеміз",- деп айтылған үндеуде.

Құжатта заңды кезең-кезеңмен жүзеге асырудың маңызы түсіндірілген. Атап айтқанда, бірінші кезеңде, "арнайы аймақтағы жобалар шынайы екі-үш жыл ішінде нақты сипатқа ие болғанша ойынханаларға өз іс-қызметін рұқсат беру жүйесінің (уақытша лицензия) көмегімен жалғастыра берсе" деген ұсыныс жасалған. Сонымен қатар, "салық салу жүйесі де осы кезеңде бұрынғыдай қала бермек". "Екінші кезеңде қабылданған заңға түзетулер пысықталу керек, бұл осы саладағы динамиканы ескергенде қалыпты процесс болып табылады, және осы аймақтарда туристік кластерді дамытудың тиімді бағдарламалары байқау негізінде іріктелмек".

"Ойын бизнесінің қызметкерлері ойын бизнесінің қазір қалыптасқан күрделі ахуалдан шығу бағдарламасын толық қолдайды",- деп атап көрсетілген үндеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны