30.11.2006, 16:15 6586

Ойынханалар мен ойын автоматтары қойылған залдарды Қапшағай мен Шортандыға көшіру науқаны 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін созылуы мүмкін

АСТАНА. 30 қараша. Kazakhstan Today. Ойынханалар мен ойын автоматтары қойылған залдарды Қапшағай мен Шортандыға көшіру науқаны 2007 жылдың 1- сәуіріне дейін созылуы мүмкін,-деп хабарлайды Кazakhstan today агенттігі.

"2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап Қазақстан республикасындағы ойынханалар мен ойын автоматтары тек Алматы облысының Қапшағай қаласында (Қапшағай су қоймасының оң жағалауы) және Ақмола облысының Шортанды қаласында ғана қызмет ете алады",- деп көрсетілген әзірге бекітілмеген президент жарлығының жобасында.

Ілгеріде ойынханалар мен ойын автоматтары қойылған залдарының Қапшағай мен Шортандыдан өзге республиканың өзге қалаларында жұмыс істеуіне 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап тыйым салу жобаланған еді.

Жарлықтың жобасына сәйкес үкіметке қазір парламенттің қарауында жатқан "ҚР ойын бизнесі туралы" заң жобасын толықтыру, "ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган құзырын ҚР туризм және спорт министрлігіне беру" туралы тапсырма беріледі.

Құжаттың жобасында облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне 2007 жылдың 1-ші сәуіріне дейін Қапшағай мен Шортанды қалаларынан басқа жерлердегі ойынханалар мен ойын автоматтары залдарының қызметін тоқтату шараларын қолға алу, ойын бизнесі саласында қызмет ететін кәсіпкерлерге өзге бизнеске көшуге көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді. Осы ретте құжатта әкімдерге "ойынханалар мен ойын автоматтары жұмыс істейтін залдардың қызметін тоқтатуының салдарынан жергілікті бюджетке шығын келтірмеу және тұрғындардың жұмыспен қамтылуына баса назар аудару міндеттеледі" деп көрсетілген.

Сонымен қатар Алматы және Ақмола облыстарының әкімдеріне 2007 жылдың 1-ші ақпанына дейін ойынханалардың орнын белгілеп, ойын бизнесін ұйымдастырушыларға жер телімдерін ҚР жер кодексінде қарастарылған тәртіп бойынша тарату жүктелген.

Жарлық қол қойылған мерзімнен бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны