11.02.2015, 14:12 4713

Ойыншық дегені трактордыӊ моторы болып шықты

Қазақстан-Қытай шекарасындағы қазақстандық шекарашылар кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып жарияланбаған жүкті ұсталды

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан-Қытай шекарасындағы қазақстандық шекарашылар кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып жарияланбаған жүкті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еліміздіӊ шығысындағы "Майқапшағай" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары күн шығыс елінен қазақ жеріне бет алған "КАМАЗ" жүк көлігін ұстады. Декларация бойынша 41 жастағы азаматтыӊ жүк көлігіне - ыдыс-аяқтар, балаларды серуендететін "коляскалар" тиелуі тиіс болатын. Ал артылған жүкті тыӊғылықты тексерген кезде жоғарыда аталған заттардыӊ астына жасырылған, декларацияда көрсетілмеген - ойыншықтар, майлауға арналған материалдар, велосипедтер, жасанды гүлдер және ... трактордыӊ екі моторы шыға келді.

Қазіргі уақытта аталған жүк бойынша ҚР Икімшілік-құқықтық кодексініӊ 551-бабы бойынша іс ашылып, экспертиза жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны