11.05.2012, 09:37 2941

ОҚО 60-қа жуық адамның улануына бүлінген ет себеп болған

"Етті той иелері өз үйлерінен пісіріп әкеліпті. Оны тойға дейін бір күн бұрын пісіріп алып, тоңазытқышта емес, ешқандай санитарлық-гигиеналық талаптарды ұстанбастан далада сақтаған. Тойханаға ет өнімдері талапқа қайшы жағдайда, қарапайым қақпағы ашық ыдыстармен тасылыпты. Сондықтан да ет пен ет өнімдері тойға жеткенше бүлініп кеткен", - дейді ОҚО МСЭБ департаментінің ресми өкілі Раушан Қасымқұлова.

Астана. 11-мамыр. Kazakhstan Today - ОҚО-да 60-қа жуық адамның улануына бүлінген ет себеп болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Мемсанэпидбақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Етті той иелері өз үйлерінен пісіріп әкеліпті. Оны тойға дейін бір күн бұрын пісіріп алып, тоңазытқышта емес, ешқандай санитарлық-гигиеналық талаптарды ұстанбастан далада сақтаған. Тойханаға ет өнімдері талапқа қайшы жағдайда, қарапайым қақпағы ашық ыдыстармен тасылыпты. Сондықтан да ет пен ет өнімдері тойға жеткенше бүлініп кеткен", - дейді ОҚО МСЭБ департаментінің ресми өкілі Раушан Қасымқұлова.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы "Медеу-ата" тойханасында өткен тойдан кейін 57 адам, оның ішінде 7 бала астан уланып, ауруханаға түскен болатын.

ОҚО Мемсанэпидбақылау департаментінен хабарлағандай, қазір барлық зардап шеккендер, балаларды қоса алғанда, өздерін әлдеқайда жақсы сезіне бастады. Дәрігерлердің айтуынша, олардың халі қанағаттанарлықтай.

Ал дәмхананы, белгілі кемшіліктері жойылмайынша, СЭС қызметкерлері жауып тастауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану мекемесінің иесіне өзгенің азық-түлігінен ас әзірлегені үшін 5-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айып салу қарастырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны