25.01.2008, 13:10 1727

ОҚО әкімдігі гепатит А вакцинасына 300 млн теңге бөлді

ОҚО әкімдігі гепатит А вакцинасына 300 млн теңге бөлді

Шымкент. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында екі жасқа дейінгі балалардың 65% 2008 жылы гепатиттің А түріне қарсы вакцина егіледі. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық қадағалау департаментінің санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Сүрия Өтебаева хабарлады.

"Алғаш рет гепатиттің А түріне қарсы вакцинасына қомақты мөлшерде қаржы бөлінді. Алайда, бұл дәрі көлемі тек 44 мыңға жетеді, ал бізде екі жасқа дейінгі 68 мың бала бар. Яғни, біз бір жастағы балаларға ғана вакцина егеміз, оның өзінде олардың бәріне дәрі егу мүмкіндігі болмайды", - деп хабарлады С. Өтебаева.

Бөлім меңгерушісі айтқанындай, 2006 жылы Шардара ауданындағы екі жастағы 200 балаға ғана гепатит А вакцинасы егілді. " 2007 жылы бізге 14 млн теңге бөлініп, біз Созақ, Бәйдібек, Шардара аудандарындағы екі жастағы балаларға ғана вакцина егу науқанын жүргіздік. Бұл жерлер сумен қамтамасыз ету жағынан ең тұрақсыз болып саналады. Ал биылғы жылы барлық аудандардың балаларына вакцина егіледі", - деп хабарлады С. Өтебаева.

Эпидемиологиялық бөлімі меңгерушісі атап өткеніндей, гепатит дерті бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы ең бейберекетсіз аймақ болып саналады. "Республика бойынша біздің облыста ауру көрсеткіші үш есе жоғары", - деп түсіндірді С. Өтебаева.

"Біз 14 жасқа дейінгі балаларға толайымен вакцинация жасау үшін, қаржы бөліп беру жөнінде үкіметке, паламентке сауал жібердік. Алайда, онда үлкен мөлшерде миллиардтаған қаржы туралы айтылуда. Ондай ақша жоқ, бірақ әкімдік біздерге биылғы жылғы мөлшерде жыл сайын қаржы бөліп тұратынына уәде берді", - деп атап өтті С. Өтебаева.

Өтебаеваның пікірінше, А гепатитіне қарсы егілген вакцина адамға 15-20 жылға қарсылық күшін беріп, иммунитетін көтереді. Сондықтан, бұл дерттің төмендеуіне көп көмек көрсетеді.

Қалалық білім беру бөлімінде хабарлағанындай, Шымкенте № 38 мектептің төменгі сыныптарында А гепатиті өршігендіктен карантин жарияланып, сабақтар тоқтатылды. Мектепте 41 адам кеселге шалдықты. Алдағы аптада дәрігерлер мектепте сабақтарды өткізу немесе өткізбеу жөнінде шешім қабылдайтын болады. Мектепте басқа оқушылардың науқастану дерегі тіркелмесе, онда дәрістер қайта жалғасатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны