19.06.2008, 19:27 2928

ОҚО әкімдігі мен Қазақстанның ипотекалық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ОҚО әкімдігі мен Қазақстанның ипотекалық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Шымкент. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Қазақстанның ипотекалық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді облыста мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша несиелендіру қайта жанданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта ОҚО өңірлік банктерінде қалып қойған қарызды біз іс жүзінде жаптық және осы қаражат есебінен олар ипотекалық бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға кезекте тұрған потенциалды қарыз алушыларға несие бере бастады", - деді меморандумға қол қою кезінде ҚИК басқарма төрағасы Азамат Ибадуллаев.

"Екінші деңгейдегі банктер жыл басынан бері ипотекаға несие беруді тоқтатты. Оны олар Қазақстан ипотекалық компаниясы осы несиелер бойынша міндеттемелерді олардан сатып алмайтындығымен түсіндірген. Енді біз меморандум жасадық. Бұл мемлекеттік ипотека бойынша берілетін несиелердің барлығын Қазақстанның ипотекалық компаниясы сатып алады дегенді білдіреді", - деп түсіндірді Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны