31.01.2018, 17:57 8605

ОҚО әкімі ғарышкер Айдын Айымбетовпен кездесті

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздіӊ үшінші ғарышкері, Халық Қаһарманы, генерал-майор "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ ұлттық компаниясыныӊ вице-президенті Айдын Айымбетовпен кездесті

Шымкент. 31 қаӊтар. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздіӊ үшінші ғарышкері, Халық Қаһарманы, генерал-майор "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ ұлттық компаниясыныӊ вице-президенті Айдын Айымбетовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ-ныӊ жоғарыдәлдiктi спутниктiк навигация жүйесiнiӊ жерүстi инфрақұрылымын пайдалану, навигациялық қызмет көрсету бағытында пікір алмасты. Осы ретте ғарышкер аталған компанияныӊ Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ ауыл шаруашылығы, жер инпекциясы, төтенше жағдайлардыӊ алдын алу шараларына спутниктiк навигациялық қызмет көрсете алатынын жеткізді.

"Елімізде "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мемлекеттіӊ жүз пайыз қатысуымен 2005 жылы құрылған болатын. Компанияныӊ мақсаты - 2020 жылға қарай жоғары технологиялық, динамикалық дамып келе жатқан, бәсекеге қабiлеттi ғарыш жүйелерiн дербес жобалауға, жасауға және пайдалануға, әрi өӊiрлiк және дүниежүзiлiк нарықтарда талап етiлетiн сапалы қызметтер көрсету болып табылады. Бұл ретте біздіӊ компания Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ дамушы салаларына өзініӊ үлесін қоса алады"- деді Айдын Айымбетов.

Ғарышкердіӊ ұсынысын қабыл алған өӊір басшысы облыстыӊ тыныс-тіршілігін баяндап берді.

"Сіз қазақ халқыныӊ үлгі тұтар азаматыныӊ бірісіз. Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ аграрлық әлеуеті орасан. Қазір осы саладағы әлеуеттерімізді кеӊінен пайдалануға күш салып жатырмыз. Алдағы уақытта жер игеру секілді өзекті мәселелерде "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясыӊ қызметтерін пайдалануға мүдделі екенімізді жеткізгім келеді", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өз кезегінде Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов те зор ықыласпен қарсы алған облыс басшылығына ерекше ризашылығын білдірді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны