21.03.2018, 20:21 5184

ОҚО әкімі Қазығұртта "Зорлық-зомбылықсыз - Оӊтүстік" акциясын жариялады

"Бүкіл Қазақстанныӊ халқы 18 миллион болса, осынша халық кейбір дамыған мемлекеттердіӊ бір ғана қаласында өмір сүреді. Олар мәдениетті тәп-тәуір, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Ал, біз кейде ұланғайыр атырапқа сыймай жатамыз. Олай болмайды. Ынтымақпен, бауырмалдықпен, татулықпен ғұмыр кешуіміз керек. Сонда ғана өркендеген елдерді қуып жетеміз. Бізде де бір ел, бір басшы бар. Ендеше елде бір жағадан бас, бір жеӊнен қол шығарып, бірлесе отырып мемлекеттік бағдарламаларды орындау жолында аянбай еӊбек етейік", - деді Жансейіт Қансейітұлы

Шымкент. 21 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев "Наурыз Қазығұрттан басталады" мерекесінде өӊірдегі зиялы қауым өкілдері және ардагерлердіӊ басын қосып арнайы жиын өткізді. Ондағы мақсат - ел ішіндегі түрлі оқиғалардыӊ себеп салдарын талқылап, олқылықтарды болдырмаудыӊ жолдарын ақылдасу. Басқосуға облыс әкімініӊ орынбасарлары, басқарма басшылары, зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық ардагерлер кеӊесініӊ төрағалары қатысты.

Жиынға төрағалық еткен өӊір басшысы өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша облысымыздыӊ қылмыс санын халық санына шаққанда 0,3 пайызбен республикада еӊ соӊғы 16 - орында екенін айтып, енді тағы да төмендетуге жұмыс істеу керектігін жеткізді.

"Бүкіл Қазақстанныӊ халқы 18 миллион болса, осынша халық кейбір дамыған мемлекеттердіӊ бір ғана қаласында өмір сүреді. Олар мәдениетті тәп-тәуір, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Ал, біз кейде ұланғайыр атырапқа сыймай жатамыз. Олай болмайды. Ынтымақпен, бауырмалдықпен, татулықпен ғұмыр кешуіміз керек. Сонда ғана өркендеген елдерді қуып жетеміз. Бізде де бір ел, бір басшы бар. Ендеше елде бір жағадан бас, бір жеӊнен қол шығарып, бірлесе отырып мемлекеттік бағдарламаларды орындау жолында аянбай еӊбек етейік", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Облыс әкімініӊ сөзін қуаттаған зиялылар қазіргі таӊда, жалпы қоғамымызда бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктіӊ әлсіреп бара жатқанын жасырмады. Ел ағалары ынтымақ пен береке болмаған жерге құт қонбайтынын айтты.

"Күнделікті күйбіӊ тіршілікпен арпалысып жүріп қазіргі ата аналардыӊ бала тәрбиесіне немқұрайлы қарау салдарынан осындай жағымсыз жағдайлар орын алып, көрші тұрып, бір-бірімен соттасып жатқандар да бар. Міне, бұл мәселелерде әрбір ауылдағы ардагер ағалар, ауыл билері мен зиялы қауым өкілдерініӊ атқаратын жұмысы орасан болмақ. Істеп те жүр, бірақ әлі де жеткіліксіз. Сіздер өз ауылдарыӊызда осындай жағдайларды болдырмау мақсатында бірігіп, жастарға ақыл айтып, тоқтау салып отырсаӊыздар", - деді облыстық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Жеӊісбек Мәуленқұлов.

Жиын соӊында аймақ басшысы "Зорлық-зомбылықсыз - Оӊтүстік" акциясын бастауды жөн санайтынын айтты. Осы акция аясында барша аудан, қала әкімдіктеріне зорлық-зомбылықтыӊ, қылмыс пен құқықбұзушылықтыӊ алдын алу бойынше кешенді жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Аға буын, зиялы қауым өкілдерін де осы бастамаға қолдау көрсетіп, белсенді жұмыс істеуге шақырды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны