13.12.2006, 17:51 3745

ОҚО әкімі көп балалы аналарды Республикамыздың тәуелсіздік күнімен құттықтады

ШЫМКЕНТ. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін Республикамыздың тәуелсіздік күніне орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев 15 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 28 көп балалы аналарды қабылдады деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазақстанның тәуелсіздік алған 15 жыл ішінде әйелдер өз күштерін жанұяны берік ұстауға, бала тәрбиесіне, еліміздің экономикалық және қоғамдық өміріне қатысуға жұмсаған қоғамның белсенді азаматы ретінде көрсетті", - деді әкім облыстың барлық аудандарынан шақырылған аналарды салтанатты қабылдауда.

Облыс әкімі аналарға құттықтау хаттар мен алтын білезіктер тарту етті.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысында 450 мың, олардың 100 мыңдайы көп балалы отбасы тұрады. Соның ішінде, он немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған 10 мың қаҺарман аналар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны