28.04.2018, 00:44 4689

ОҚО әкімі мәжілісмендермен кездесті

Айта кетейік, ОҚО-да бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 74 мыӊнан аса студент білім алуда. Мемлекеттік 36 колледждіӊ 32-сі жатақханамен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік 36 колледждіӊ барлығы 100% асхана және буфеттермен қамтамасыз етілген.

Шымкент. 28 сәуір. KazakhstanToday - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары И.Бектұрғанов, Ж.Нұрмағанбетова, Б.Хаменова, А.Тасболатов, Н.Жұмаділдаева және "Нұр Отан" партиясыныӊ "Білім" бағыты бойынша Комиссияныӊ хатшысы Ш.Лепсибаевпен кездесті. Бас қосуда Елбасыныӊ "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" атты үндеуіндегі еліміздегі білім сапасын жақсартуға байланысты қойған тапсырмасын орындау жайы талқыланды.

Кездесу барысында аймақ басшысы өӊіріміздіӊ білім саласыныӊ жай-күйімен таныстырып, қонақтарды Президент қойған міндеттерді бірлесіп орындауға шақырды.

"Елбасы 2022 жылға дейін 75 мыӊ орындық студенттер үйін салуды тапсырғаны белгілі. Осы ретте өздеріӊіздіӊ тәжірибелеріӊізбен бөлісе отырып, жатақхана салу, оқу орындарындағы техникалық оқу базасыныӊ жақсаруына мәйлінше ықпал етуге шақырамын. Студенттер жатақханамен қамтылса, көптеген мәселе шешілгелі тұр. Атап айтқанда, төмен бағада жататын орын, жолақы шығыны және жастардыӊ қауіпсіздігі оӊынан шешіледі деген ойдамын", - деді Жансейіт Түймебаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі өӊіріміздегі білім саласына енгізілген цифрландыру жүйесіндегі жаӊалықтармен де бөлісті. Бүгінде оӊтүстіктегі бірқатар аудан қалаларда мектеп директорын жұмысқа, балаларды балабақша мен білім ұяларына қабылдау жұмыстары электрондық жүйеге көшкен. Одан бөлек электронды күнделік бағдарламасы да алғаш болып ОҚО-да қолға алынып отыр. Нәтижесінде білім беру саласында адами факторлар азайып, қағазбастылық пен сыбайластықтыӊ төмендегені сөз болды.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты И.Бектұрғанов облыста атқарылып жатқан жұмыстар көӊіл қуантатынын айтып, білім саласындағы мәселелерді шешу жолында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Халық қалаулылары облысымызда бірнеше күн болып, оқу орындарды аралып жатақханалардыӊ жай-күйімен танысатындарын жеткізді.

Айта кетейік, ОҚО-да бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 74 мыӊнан аса студент білім алуда. Мемлекеттік 36 колледждіӊ 32-сі жатақханамен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік 36 колледждіӊ барлығы 100% асхана және буфеттермен қамтамасыз етілген.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны