01.03.2007, 11:39 3177

ОҚО әкімшілігі мен норвегиялық білім беру қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ШЫМКЕНТ. 1 наурыз. Kazakhstan Today. Оңтүсік Қазақстан облысы әкімі Өмірзақ Шүкеев пен норвегиялық білімі беру қорының басқарушысы Оле Имсланд білім беру саласында өзара ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл құжатқа сәйкес норвегиялық мамандар Оңтүстік қазақстандық жоғарғы оқу орындары мен кәсіби- техникалық мектептер үшін бірқатар білім беру бағдарламаларын дайындайтын болады. Сонымен қатар мұнай-газ саласына қатысты болашақ мамандар дайындау үшін дәрістер мен семинарлар ұйымдастыратын болады.

"Біздің облыс республикада экономикасы тез дамып келе жатқан, әрі болашағынан зор үміт күттіретін аймақтардың бірі. Сондықтан халықаралық талапқа сай техникалық және халыққа қызмет көрсететін жоғары деңгейлі мамандарға зәрулік байқалып отыр",-деді Ө.Шүкеев. "Норвегиялық қормен арадағы ынтымақтастық көптеген қиындықтарды шешуге зор үлесін тигізеді деп сенемін",-деді әкім.

Аймақ басшысы бұл ынтымақтастықтың негізі 2005 жылдың 12 сәуірінде қаланғанын еске салды. Ол кезде ҚР білім және ғылым министрлігі, RКК Қоры мен Н.Назарбаевтың білім қоры Қазақстанда кәсіби білім беру мен жұмысшы мамандарды дайындау жүйесінде ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны