10.07.2014, 19:41 9293

ОҚО ата-аналарға балаларды дұрыс тамақтандыруды үйрету технологиясы қабылдануда

Қазақстанда алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысындағы №7 қалалық емханасында ата-аналарға балаларды дұрыс тамақтандыруды үйрететін алдыңғы қатарлы технология қабылданылуда.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Қазақстанда алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысындағы №7 қалалық емханасында ата-аналарға балаларды дұрыс тамақтандыруды үйрететін алдыңғы қатарлы технология қабылданылуда.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, емхана қызметкерлері ата-аналарға дұрыс тамақтандыру туралы кеңес берумен шектелмей, балаларға арналған дұрыс тағам түрлерін дайындауға да үйретеді.

Жобаны іске асыру үшін "Өркен" үкіметтік емес ұйымы тарапынан емханаға қажетті құрылғылар сатып алынып, ал облыстық балалар емханасының тренингтік орталық мамандарынан ата-аналармен жұмыс істейтін барынша тәмірибелі қызметкерлер құрамы жасақталды.

Жыл бойы халық арасынан 30 шақты ерікті өтініш білдірген. Олар "бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз" қағидасымен кішкентай жастағы балаларды бағу бойынша тиісті отбасыларына көмек қолын ұсынады.

Бүгінде емханадағы медбикелер аптасына екі рет тәжірибелік сабақтар ұйымдастырады.

Сонымен қатар республиканың бас педиатры мен ұлттық үйлестіруші Зәуре Оспанова отбасылармен жұмыс істеудің алдыңғы қатарлы әдісіне жоғары баға берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны