16.01.2007, 13:52 4076

ОҚО басшылығы отандық шарап өндірушілерге заң аясында қолдау көрсетуді ұсынады

ШЫМКЕНТ. 16 қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы үкіметке шарап өндірісі саласындағы заңға өзгерту енгізу туралы ұсыныс жолдады. Бұл жөнінде облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында хабарлады.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша журналистерге сұхбат берген Ө.Шүкеев "шарап өндіру - ең тиімді бағыттардың бірі. Оның дамуы үшін, заңға тиісті өзгертулер енгізу қажет. Біздің отандық кәсіпорындарды ТМД елдерінен әкелініп жатқан арзан әрі сапасыз шараптардан қорғау керек", деді.

Икім ОҚО әкімдігі арзан шараптардың облысты жаулап алуынан қорғау үшін заңға енгізілуі тиіс ұсыныстарын үкіметке жолдағанын хабарлады. Оның айтуынша, үкімен өзгертулерді қолдаған, жуырда мәжілісте талқыланатын болады.

Ө.Шүкеев отандық шарап өндірушілерге мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетілуін мақұлдайды. "Ирине, алқаптарды кеңейту үшін несиені ұлғайту қажет. Осы жылдан бастап біз осы мәселені қолға аламыз", деді ол.

ОҚО әкімінің пайымдауынша, шарап өндірісі саласының дамуына халықаралық нарыққа шығу жолының жоқтығы кедергі болуда. "Оңтүстік Қазақстан облысының шараптары сапасы жағынан еуропалық, француз, итальяндық шараптармен бәсекелесе алады. Алайда, оларды ешкім біле бермейді",-деп есептейді.Ө.Шүкеев. Бұл мәселені шешу үшін ол аймаққа халықаралық брендтерді ұсынатын танымал инвесторларды тарту көзделгенін хабарлады.

ОҚО Сарыағаш ауданында облыстың шарап өндірісімен айналысатын ең ірі кәсіпорны "Қапланбек" шарап шаруашылығы компаниясы бар. Шарап зауыты мұнда өткен ғасырдың 30 -шы жылдары салынған, 50-ші жылдардан бастап бұл зауыт маркалы шарап шығарумен айналысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны