13.02.2008, 17:32 2742

ОҚО басшылығы "Шымкентцемент" АҚ жетекшілерінен таза ауа, ұлттық кадрлерді және ұжымның жағдайын жақсартуды талап етуде

ОҚО басшылығы "Шымкентцемент" АҚ жетекшілерінен таза ауа, ұлттық кадрлерді және ұжымның жағдайын жақсартуды талап етуде

Шымкент. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімовтың пікірінше, "Шымкентцемент"АҚ ауаға шығаратын зиянды заттарды нормалық деңгейін қамтамасыз етіп, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жасап, іс өндірісін мемлекеттік тілде жасаулары қажет. Бұл туралы әкім журналистерге берген сұхбатында хабарлады.

"Біздерді олардың $18 млн тұратын құрал- жабдықтар әкелеміз деген уәделері қанағаттандырмайды, біз ауаның таза болуын қалаймыз ", - деді Н. Ашімов.

Оның сөздері бойынша, оларға қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін үнемі айып пұл салынады. Бірақ одан ешқандай нәтиже шықпайды. Шетелдік компания бұдан екі жыл бұрын электрфильтірлерді ауыстырып, ауаға шығарылатын заттардың сапасын халықаралық талаптар дейгейіне жеткіземіз деген. Алайда, осы уақытқа дейін олар жүктелген міндеттемелерін орындамай отыр.

Икім сонымен қатар, шетелдік басшылардың еңбек ұжымына деген көз қарастары ұнамайды. "Өндіріс орнында жақсы асхана, медициналық пункт, әйелдерге кеңес беру, қызмет көлігі болуы керек. Бұл талаптар орындалуы тиіс", - деп түсіндірді Н. Ашімов.

Облыс әкімінің пікірінше, "Шымкентцемент"АҚ жетекшілері сонымен қатар кадрлік саясатын өзгерту керек, "Жауапты қызмет орындарында Қазақстан азаматтары болуы керек", - деді Н. Ашімов. Сонымен қатар, әкім іс қағаздардың мемлекеттік тілде жүргізілуін талап етіп отыр.

Шымкентцемент АҚ бас директоры Энтони Макли айтқанындай, олар әкімнің талабымен келіседі және оларды орындауға дайын. Бірақ бұған уақыт керек. "Біз тазалау жабдығын жаңартудың бағдарламасын дайындадық. Оны орындау үшін 20 ай уақыт жұмсалады. Қазір асхана мен сантехникаларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде", - деді Энтони Макли.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, облыс әкімдігі табиғатты пайдалану жөнінде біржақты келісім шарттарды бұзғандықтан "Шымкентцемент" АҚ қазір тоқтап тұр. Кәсіпорын кен рудалық базасынан айырылып, қазір сот тартыстары өтуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны