27.12.2007, 16:12 3275

ОҚО депутаттары қалалық электр желілерін муниципалдың жеке меншігіне қайтаруды ұсынуда

ОҚО депутаттары қалалық электр желілерін муниципалдың жеке меншігіне қайтаруды ұсынуда

Шымкент. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ОҚО депутаттары қалалық электр желілерін муниципалды жеке меншігіне қайтаруды ұсынды. Өйткені "Оңтүстік жарық транзит" ЖШС компаниясы қаланы электр қуытымен қамтамасыз ете алмай отыр. Бұл туралы мәселе кеше облыс әкімдігінің отырысында айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Отырыста айтылғанындай, апатты жағдайда қаланың бірнеше аудандары электр жарығынсыз қалуда.

"Желілірге түсірілетін қосымша салмақтан қосалқы стансалары істеп шығып жатады. Бес бригадалық топ тәулік бойы жұмыс істейді. Жағдайды жөндеу үшін бар күшімізіді салып отырмыз ", - деп түсіндірді "Оңтүстік жарық транзит" ЖШС бас директоры Пердебай Сабитов.

"Оңтүстик жарық" компаниясының қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Оксана Калашникова айтқанындай: "Қаланың айтарлықтай аудандарына берілетін жылудың аздығынан, тұрғындар қосымша электр қуатын пайдаланады. Осының себебінен, қосалқы стансаларының бөліктері істеп шығып, кабель-сымдары өртенуде. Тәулік ішінде 50 тарта нүктелер өшіріледі".

Отырысқа қатысушылар "адамдарды электр жарығынсыз қалдырмау үшін", энергетиктерге апатты жағдайларды қалпына келтіретін бригадалардың санын ұлғайтуды ұсынды.

Алайда, облыс мәслихатының депутаттары мәселені басқа жақтан қарастыру керек дегенді алға тартты. Депутаттардың айтуынша, жеке меншік "Оңтүстік жарық транзит"фимасы қаланы сапалы электр қуатымен қамтамасыз ете алмайды.Тарифтер көтерілгенімен, қосалқы стансалары және желілер жаңартылмайды. Депутаттар атап кеткеніндей, Шымкенттің электр желілерін муниципалдың жеке меншігіне қайтару керек. Осындай жолмен ғана электр желілеріне қайта жөндеу жүргізіліп, қаланың тұтынуы қамтамасыз етуге болады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ауа-райының қолайсыздығынан жылу беретін қазандықтардың жұмысы тоқтатылып, Шымкентте 23 желтоқсаннан бастап жаппай электр жарығы өшіріле бастады.Сондай-ақ Шымкентте "ПК Южполиметалл" АҚ қарасты болған ТЭЦ-1 и ТЭЦ-2 қала аудандарына жөнді жылу жеткізбейтін. Биыл ТЭЦ-3 құрысы басталғанымен, ол уақтылы аяқталмағандықтан, қазір жылу тек ТЭЦ-2 ғана беріледі.

Жылу трассасын қосу алғаш рет 1 қарашаға жоспарланған болатын. Алайда , ол бірнеше рет кейінге қалдырылып отырды. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, қазір трасса дайын, алайда, қосымша орнатылған қазықтардағы бетонның қатуын күту керек. Сосын 3 қаңдарда трасса толтырылып, 9 қаңтарда су жіберіледі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны