17.06.2008, 18:44 3284

ОҚО электр қуатымен қамтамасыз ету проблемасы әлі шешілген жоқ

ОҚО электр қуатымен қамтамасыз ету проблемасы әлі шешілген жоқ

Шымкент. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "АЭС-Екібастұз" ЖШС электр қуатын Оңтүстік Қазақстан облысына жеткізуді қайта қалпына келтірген жоқ, энергетиктердің тоқты ауық-ауық өшіруден басқа амалдары жоқ. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Оңтүстік жарық" ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Оксана Иванова хабарлады.

"Кеше республикалық селекторлық жиналыста электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Нұрғали Ишімов барлық келісімдерді бұза отырып, Екібастұз Оңтүстік Қазақстан облысына электр қуатын тасымалдауды қалпына келтірмегенін хабарлады. Премьер-министр электр қуатын тез арада жеткізуге тапсырма берген. Алайда, қазіргі уақытқа дейін келісім бойынша электр қуатын жеткізу қалпына келген жоқ", - деп ақпарат ұсынды О. Иванова.

"Оңтүстік жарық" ЖШС мәліметтеріне сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы электр қуатының жетіспеушілігі 75 МВт-сағатты құрап отыр. "Егер біз осыдан бір апта бұрын Шымкент қаласын 10 МВт-сағатқа шектеп отырсақ, қазір біз 25 МВт-сағатқа шектеудеміз", - деп хабарлады О. Иванова.

Қоғаммен байланыс жөніндегі менеджердің ақпаратына сүйенсек, "АЭС-Екібастұз" ЖШС жаңа басшылығы 26 маусымға дейін Оңтүстік Қазақстан облысына электр қуаты жеткізілмейтінін мәлімдеген. Қазіргі уақытта кешкі максимум кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының электр қуатын тұтынуы 400 МВт-сағатқа жетеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны