31.01.2008, 17:09 6721

ОҚО электр қуатын ауық-ауық өшіру тағы екі аптадай жалғасады

ОҚО электр қуатын ауық-ауық өшіру тағы екі аптадай жалғасады

Шымкент. 31-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуатын ауық-ауық өшіріп тұру мерзімі тағы екі аптаға ұзартылды. Бұл туралы брифингте облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Елікбай Тоқбергенов хабарлады.

"Халыққа аса ыңғайсыз болмауы үшін энергетиктер арнайы өшіру кестесін жасап шығарды. Осы кестеге сәйкес жарықты шамамен бір жарым - екі сағатқа өшіріп тұру жоспарланып отыр. Қала да, аудандар да алты кезекке бөлінген. Бұл ыңғайлы, кез келген аданды ауық-ауық өшіре беруге болады", - деді Е. Тоқбергенов.

Бұрын хабарлағанымыздай, өткен аптаның басынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында кешкі қуат пайдалану көлемі артқан кезде электр қуатын ауық-ауық өшіріп отыру енгізілген болатын. Ол кезде Е. Тоқбергенов шектеулер тек қана бес күн, апта соңына дейін ғана жалғасады, деп мәлімдеген болатын.

Алайда кеше энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры өзге мәліметтерді хабарлады. Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында электр қуатын өшіріп отыру әлі кем дегенде 10 күнге созылады. Жарық шектеулері тек әлеуметтік маңызы бар объектілерге ғана қатысы болмайды.

"Бізді 60 МВт көлемінде шектеп отырған Жамбыл ГРЭС-інен бөлек таңертеңгі және кешкі мезгілдерде Тәжікстан мен Қырғызстанның әрқайсысынан 30 МВт, қосылғанда 60 МВт шектелуге мәжбүр болып отырмыз. Көптеген жылдар бойы, кейінгі он жылда олар бізге кешкі және таңертеңгі тұтыну көлемі ұлғаятын сәттерде бізді шектеп көрген емес", - деді Е. Тоқбергенов.

Департамент директорының айтуынша, облыстың барлық ішкі энергетикалық көздері ең жоғарғы шектерінде жұмыс істеп тұр. Алайда, бұл бүкіл Оңтүстік Қазақстан облысын энергетикамен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны