16.10.2006, 17:17 3679

ОҚО фармакологиялық бақылау басқармасының жұмысы қатаң сынға алынды

ШЫМКЕНТ. 16 қазан. Kazakhstan Today. Шымкентте жуырда өткен ВИЧ індетімен күрес штабының отырысында фармакологиялық бақылау басқармасының жұмысы сыналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Фармакологиялық бақылау -денсаулық сақтау министрлігінің көзі мен құлағы. Олар ненің және қалай сатып алынып жатқанын , қалай жеткізіліп жатқанын жіті қадағалап отыруы тиіс",-деп мәлімдеді штаб отырысында облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник. Алайда, департамент директорының айтуынша, " бірнеше жабдықтың із-түзсіз жоғалуы, ауруханаларға қажетті заттардың орнына өзге құралдардың жеткізілгені түсініксіз". "Тіпті, ауруханаларға қойылған жабдықтардың тең жартысының тіркелмеуі таңқалдырады. Бұл сұмдық, олай болмау керек",-деді В. Дудник.

Облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының сөзіне қарағанда, балалар ауруханасында балаларға ұсынылмаған өте күшті антибиотиктер қолданылады, тиісті дәрі-дәрмектер жетіспейді, бір реттік саймандар жоқ.

Штаб отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев ВИЧ індетінің ошағын жою шаралары қызу жүргізіліп жатқанда фармакологиялық бақылау басқармасының бастығы Нұрлыбек Асылбековтың АҚШ-қа оқуға кетіп қалғанына ашуланды. Басқарма бастығының орынбасары Полат Иманходжаевтың, оқудың алдын ала жоспарланғанын және ақы төленгенін айтып, ақталғанына қарамастан, әкім денсаулық сақтау департаменті директорына Н. Асылбековтың мәселесін қарауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны