13.12.2013, 20:47 12068

ОҚО Кедендік бақылау департаментінің "Энергетикалық" кедендік бекеті ашылды

Іс-шара барысында ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Кендендік бақылау департаменті бірлесіп жұмыс жасау туралы меморандумға қол қойды.

Алматы. 13 желтоқсан. Kazakhstan today. 12 желтоқсанда, Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрылған күні қарсаңында ОҚО Кедендік бақылау департаментінің "Энергетикалық" кедендік бекетінің салтанатты ашылуы мен Өңірлік кедендік зертхана жұмысын таныстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan today ОҚО Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Илтаев, едендік бақылау департаментінің бастығы Жасұлан Ахметов, өңірдің кәсіпкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Кендендік бақылау департаменті бірлесіп жұмыс жасау туралы меморандумға қол қойды.

"Бүгінгі ашылып жатқан "Энергетикалық" кедендік бекетінде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барлық жағдайлар жасалған, - дейді ОҚО Кедендік бақылау департаментінің бастығы Жасұлан Ахметов. Бұл жерде кедендік рәсімдеу уақытын қысқарту үшін құжаттарды қабылдауға арналған 6 терезе, келушілерге күту залы, ақпараттық кеңес беру пункті, кеден төлемдері мен салықтарын төлеуге арналған 2 POS терминал орнатылған," - деді Ж.Ахметов.

"Ең алдымен бүгін барлық кеден органдарында қызмет ететін азаматтарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!, - деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Илтаев. - Кеден органдары еліміздің экономикалық мүдделерін қорғауда мінсіз қызмет атқарып келеді. Барлық кенденшілерге зор денсаулық пен бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық, жауапты қызметіңізге жеміс, биік тұғыр тілеймін!".

Бүгінгі "Энергетикалық" кедендік бекетін мен Өңірлік кедендік зертхананы құрудағы басты мақсат - әкімшілік кедергілерді жою болып табылады. Бұған дейін кәсіпкерлер кедендік сараптаманы өту үшін Астана мен Алматы қалаларына барып бір айдан астам уақыт күту керек болса, ендігі жағдай оны қажет етпейді. Өңірлік кедендік зертхана арқылы сараптама бір аптаның көлемінде жүргізілетін болады. Ең бастысы, тауарды импорттаумен және экспоттаумен айналысатын тұлғалардың басқа өңірлерге барудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар, бүгінгі қол қойылған меморандумның басты мақсаты кедендік рәсімдерді оңайлату және жетілдіру жолымен кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету, бизнес-қоғамдастықты халықаралық сауда жүргізу стандарттары мен ережелері туралы хабардар болу деңгейін арттыру болып табылады.

Сондай-ақ, тұрақты түрде әрекеттестікті ұйымдастыру мақсатында, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Кедендік бақылау департаменті бірқатар мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс жасауына келісіп, келесідей мәселелер бірігіп шешілетін болды: импортталатын және экспортталатын тауарлардың бағасын құру мәселелері бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар әзірлеу, кедендік рәсімдерді қолдану мәселелері бойынша қолданыстағы ҚР заңнамасын талдау және кедендік тазалауды жасау барысында кедендік операцияларды қысқартуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу - сияқты бірлескен жұмыстар атқарылатын болады" - деді Н.Илтаев.

Тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келімге қол қойды: кеден ісі саласында нормативтік-құқықтық базаларды жетілдіру оны алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және кедендік жалғандықтарды жеңілдетуге бағытталған сыртқы экономикалық қызметті іске асыруда Қазақстан Республикасының кәсіпкерлерінің заңды мүдделері мен құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету; Кеден одағы аясында шекара арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына кедендік сараптауды жеделдетуге ықпал ететін жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу, оның ішінде алдын-ала ақпараттандыру, электронды декларациялау арқылы жетілдіру; кеден ісі саласында сыртқы экономикалық және басқа да қызметтің заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау, кеден заңдылығын сақтау, халықаралық сауда процесстерін, өз құзыреті шегінде мониторингті іске асыру; кедендік декларациялау және кедендік бақылау кезінде тәуекелдерді басқару жүйелерінің қолдануын жетілдіру; екі жақты өзара мүдделерді ұсынатын мәселелерді шешуге бағытталған бірлескен іс-шаралар, ғылыми-тәжірибелік семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, бизнес-форумдар және т.б. ұйымдастыру.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны