22.08.2011, 16:50 3287

ОҚО мектептерде жылыжай салу жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда

"Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жүз шақты ауылдық мектепке жылыжай салынбақ.

Шымкент. 22-тамыз. Kazakhstan Today - ОҚО мектептерде жылыжай салу жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жүз шақты ауылдық мектепке жылыжай салынбақ.

Биылғы жылы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың ұсынысы бойынша аймақта арнайы бағдарлама қабылданған болатын, деп дүйсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы Мүтәлі Оразбайұлы хабарлады.

Оның айтуынша, облыс аумағындағы 1023 мектептің 580-інде жылыжай салуға мүмкіндік бар.

"Қазіргі кезде мектептер жанынан 100 шақты жылыжай салынды. Тағы осындай 330 жылыжай салуды жоспарлап отырмыз", - деді М.Оразбайұлы.

Аймақ билігінің пікірінше, жылыжайлар "мектеп асханасын жас әрі экологиялық жағынан таза көкөніспен қамтамасыз етуге әрі оқушыларды ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге баулуға мүмкіндік береді", деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны