18.06.2010, 15:11 3210

ОҚО мешіт қызметкері ауыл тұрғындарының садақа салған сейфті жымқырған

Баспасөз қызметінің ақпаратарына сүйенсек, 11-маусым күні жергілікті имам поицияға сейфтің жоғалғандығы туралы хабар берген.

Шымкент. 18-маусым. Kazakhstan Today ОҚО Бәйдібек ауданында мешіт қызметкері ауыл тұрғындарының садақа салған сейфті жымқырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ОҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратарына сүйенсек, 11-маусым күні жергілікті имам поицияға сейфтің жоғалғандығы туралы хабар берген. Полицейлер бірнеше тәулік өткеннен кейін ұрлық жасады деген күдікпен имамның орынбасарын құрықтаған. Ұсталған азамат түнде мас күйінде мешіттен сейфті алып шығып, 60 метрдей жерге сүйреп апарып, таспен құлпын бұзғандығын мойындады. Сейфте 4 мыңға жуық теңге болған. Бұл ақша ауыл тұрғындарының садақаға берген ақшасы.

АІІБ күдіктінің үстінен ҚР ҚК 175 бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Заттай айғақ ретінде темір сейф тәркіленген. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны