19.10.2010, 17:13 3524

ОҚО "Нұрбанк" АҚ ОҚБ директорына 500 млн теңгені ысырап етті деген күдікпен іздеу жарияланды

ОҚО "Нұрбанк" АҚ ОҚБ директорына 500 млн теңгені ысырап етті деген күдікпен іздеу жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы Салтанат Қаракөзоваға сілтеме жасай отырып.

Шымкент. 19 - қазан. Kazakhstan Today - ОҚО "Нұрбанк" АҚ ОҚБ директорына 500 млн теңгені ысырап етті деген күдікпен іздеу жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметінің бастығы Салтанат Қаракөзоваға сілтеме жасай отырып.

"6-қазан күні полицияға бөлімшенің әкімшілігі бөтен мүліктің ысырап етілгендігі туралы ресми хатпен шағымданған. Сөйтіп 8-қазан күні ҚР ҚК 176 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні қамауға алу туралы сырттай рұқсат алынған, іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. әкімшілік арыз берген кезде бөлімшенің директоры бой тасалап үлгеріпті",- деп хабарлады С. Қаракөзова.

Оның айтуынша, ысырап етілген бөтен мүлік 500 млн теңгеден астам қаржыға бағаланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны