10.01.2017, 12:37 4383

ОҚО Ордабасы ауданында 130 мүгедекке арба табыс етілді

Ордабасы ауданында 130 мүгедекке арба табыс етілді. Бұл туралы аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімініӊ басшысы Гүлжан Досова хабарлады.

Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ордабасы ауданында 130 мүгедекке арба табыс етілді. Бұл туралы аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімініӊ басшысы Гүлжан Досова хабарлады. 130 азаматтыӊ 56-сына облыстық бюджет есебінен берілсе, 74-іне аудандық қазынадан қаржы қаралған,- деп хабарлайды облыстық әкімдік.

Бөлім басшысы аталған азаматтардыӊ бірі, І топ мүгедегі Темірлан ауылынӊ тұрғыны Анар Иманқұлованыӊ үйіне барып, оған серуендеуге арналған мүгедектік арба табыс етті.

Аудан орталығында ашылған жалғызілікті қарттарға әлеуметтік үйде көмек көрсету бөлімшесінде тіркелген 97 қарияға 23 әлеуметтік қызметкер бекітілген. Ал мүмкіншілігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 95 бала және 18 жастан асқан, жүйке ауруымен ауыратын 12 адамды есепке алынған. Бұл азаматтарға 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. Илеуметтік қызметкерлер олардыӊ үйлеріне барып, көмектесіп тұрады.

Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оӊалту орталығына 24 балаға жолдама берілді. Үйлерінде сабақ алатын 131 мүмкіншілігі шектеулі оқушыға 2016-2017 оқу жылында 2 млн. 80 мыӊ теӊге жәрдемақы тағайындалып, толығымен төленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны