08.11.2010, 14:41 3727

ОҚО полицейлер хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 15 жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды

ОҚО полицейлер хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 15 жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды

Шымкент. 8 - қараша. Kazakhstan Today - ОҚО полицейлер хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 15 жасар қызды тауып, ата-анасына қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ОҚО ІІД хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 30-қазанында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 15 жасар қызды Астана қаласынан тапқан. Қазіргі уақытта бойжеткен ата-анасына қайтарылған.

Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылдың 5-қазанында облыстық ІІД-не 19 жасар қыз шағымданған болатын. Зардап шеккен қыз өзін танымайтын бір азамат күш көрсету арқылы ВАЗ-2106 көлігіне отырғызып, Сарыағаш қаласының сыртына алып кеткен. Оның айтуынша, оған 15 жасар қыздың жоғалып кетуіне себепші болды деп денелей және психологиялық қысым көрсеткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны