28.06.2011, 17:15 3811

ОҚО сібір жарасын жұқтырған тағы бір адам анықталды

27 маусымдағы жағдай бойынша, сібір жарасының терілік түрі бойынша екі жағдай зертханалық негізде тіркелді. Сондай-ақ зертханалық мәліметтерге сай, бұдан бұрын сойылған сиырдан алынған көкбауырының үлгісінде аталмыш дерттің белгілері анықталған.

Шымкент. 28 маусым. Kazakhstan Today - ОҚО сібір жарасын жұқтырған тағы бір адам анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақс танда Сібір жарасына шалдыққан екінші адам тіркелген. Бұл жөнінде ОҚО Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаментінің (МСЭБД) ақпарат орталығында хабарлады.

27 маусымдағы жағдай бойынша, сібір жарасының терілік түрі бойынша екі жағдай зертханалық негізде тіркелді. Сондай-ақ зертханалық мәліметтерге сай, бұдан бұрын сойылған сиырдан алынған көкбауырының үлгісінде аталмыш дерттің белгілері анықталған.

"Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, олар тиісті емшараларын қабылдауда. Олармен қатынаста болғандар жіті медициналық бақылауда, химиялық тазарту шараларынан өтті. Олардың арасында ауру жұқтырғандар жоқ", - деп хабарлады МСЭБД.

Естеріңізге сала кетейік, 20 маусымда Оңүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Тоқсай елді мекенінде сібір жарасының терілік түріне шалдыққан деген күдікпен үш адам ауруханаға жатқызылды. Эпидемиологиялық зерттеу барысында науқастар еріксіз 13 маусымда жеке аулада сібір жарасына қарсы егілген сиырды союға мәжбүр болғаны анықталған. Сібір жарасы бойынша бірінші жағдай зертханалық негізде 23 маусымда тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны