09.01.2012, 12:27 3730

ОҚО Сырдария тасып, бірқатар жолдар мен егіс алқаптарын су басып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Маяқұм ауылының тұрғындары тасқыннан қауіптенуде.

Шымкент. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - ОҚО Сырдария тасып, бірқатар жолдар мен егіс алқаптарын су басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Маяқұм ауылының тұрғындары тасқыннан қауіптенуде.

Сырдария өзенінің арнасынан шыққан су Түркістанға барар жолды шайып тастады, егістіктер су астында қалды, су ауыл шетіне жақындап қалды. Тасқын болған жерде ОҚО ТЖ департаментінің күштері жұмылдырылып отыр.

"Біз ТЖ салдарын жою бойынша тиісті шараларды қолданудамыз, қолда бар техниканың барлығын осында жіберіп отырмыз. Облыс әкімінің шешімімен 20 тонна жанар-жағармай берілді. Барлық қажетті жұмыстар қауіп артқа шегінгенге дейін жүргізіледі", - деді ОҚО әкімінің орынбасары Сәкен Қоныбеков.

2005 жылы Маяқұм ауылы күшті су тасқынын басынан өткізген, олардың үйлері зардап шекті. Сондықтан тұрғындар арнадағы суды үрейлене бақылайды. Олар арнаның үстін шамамен 8 шақырымға басқан мұзды ойып алу керек деп санайды. Алайда билік мұндай шешімдер қабылдауға асықпауда.

"Бізде мұзды алып тастау үшін арнайы техниканың 20 бірлігі мен 30 тоннадан астам жарылғыш зат бар. Бірақ жарудан кейін тасқынның басқа бағытта жүруінің ықтималдылығы бар, сондықтан бұл мәселе әзірге қарастырылып отыр", - деп түсіндірді ОҚО бойынша АҚ және ТЖ-дың алдын алу басқармасының бастығы Кенжехан Төлебаев. Оның айтуынша, қазіргі кезде су Көксарай су реттегішіне жіберіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны