12.12.2016, 12:32 4634

ОҚО Созақ ауданында 50 тұрғын үй пайдалануға берілді

Облыс әкімі аудан орталығы - Шолаққорған ауылында "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған тұрғын үйлердіӊ кілтін жетім және ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналар мен кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге табыстап, жаӊа қоныстыӊ құтты шаӊыраққа айналуын тіледі.

Шымкент. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today -Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойы қарсаӊында Созақ ауданында 50 отбасы жаӊадан баспаналы болды. Теріскейліктерге тұрғын үйлерді беру салтанатты шарасына Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыс әкімі аудан орталығы - Шолаққорған ауылында "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған тұрғын үйлердіӊ кілтін жетім және ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналар мен кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге табыстап, жаӊа қоныстыӊ құтты шаӊыраққа айналуын тіледі.

"Ел үй - елу отбасы - елу жанұя. Осы елу отбасыныӊ әрқайсысында 4-5 адамнан бар деп есептесек, бүгін 200-ге жуық созақтық тұрғынныӊ қуанышына ортақтасып отырмыз. Мұндай жағдай өӊірімізге "Нұрлы жол", "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы аясында бөлініп жатқан үлкен қаржыныӊ арқасында мүмкін болып отыр. Болашақта осындай бағдарламалар арқылы көптеп ақша бөліп, бүгінгідей тұрғын үйлердіӊ салынуына барынша атсалысатын боламыз", - деді Ж.Түймебаев.

Жаӊа қоныстардыӊ іргетасы 2015 жылы қалана бастаған болатын. Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына орай, табысталған баспаналар мерейлі мерекедегі үлкен сый болып отыр. Ал тұрғын үйлердіӊ құрылыс жұмыстарын "Ел Құрылыс тобы" ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны