05.03.2012, 14:39 3823

ОҚО Созақ ауылынан су тасқынына байланысты 1 мыңнан астам адам көшірілді

Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ елді мекенінде су тасқынына байланысты 1100 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - ОҚО Созақ ауылынан су тасқынына байланысты 1 мыңнан астам адам көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ елді мекенінде су тасқынына байланысты 1100 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар ОҚО Созақ ауданында жүргізілуде.

"Күннің күрт жылынуынан туындаған көктемгі су тасқынына байланысты Созақ елді мекенінде 30 үй, 50 шаруашылық нысанын топан су шайып, 1100 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Атап айтқанда, көшірілгендердің көбі туысқан ағайындарының үйіне орналастырылды", - деп айтылған таратылған хабарламада.

"Сондай-ақ, ТЖМ хабарлауынша, Шолаққорған ауылы маңында дамбы 2 метрге ұзартылып, 3 метр биіктікке көтерілген.

Төлеби ауданының Сарқырама елді мекенінде 2,8 км су арнасы салынады.Бүгінгі күні Қаратөбе, Төңкеріс, Балдыберек, Майбұлақ елді мекендерінде қар тазарту жұмыстары жүргізілуде", деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны