21.02.2012, 10:48 3438

ОҚО су басқан аймақтарда төтенше жағдайдың салдарын жоюға бағытталған шаралар жалғасуда

Қазіргі жағдайда Арыс қаласындағы су басу қатерінің алдын алу шаралары іске асырылған. Ертеректе көшірілген тұрғындар үйлеріне оралды.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - ОҚО су басқан аймақтарда төтенше жағдайдың салдарын жоюға бағытталған шаралар жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлауынша, қазіргі жағдайда Арыс қаласындағы су басу қатерінің алдын алу шаралары іске асырылған. Ертеректе көшірілген тұрғындар үйлеріне оралды.

Отырар ауданында еріген қар суын жыралармен Сырдария өзенінен ағызу жұмыстары жасалды.

Ал Ордабасы ауданында еріген су 31 көшені және жекеменшік 410 үйдің аулаларын басып кетті. Ауданда облыс әкімі басшылығымен жедел штаб құрылды. ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің күшімен зардап шеккен тұрғындар үшін жылыту бекеті орналастырылды.

"Темірлан-Арыс" автожолындағы Ынталы және Батыр-ата елді мекендері жанында суды бұру үшін жолдың екі жерінде қазу жұмыстары іске асырылды. "Найман-Арық" каналының қауіпті учаскелерінде ұзындығы 500 метр, ал биіктігі 1-1,2 метр бөгеттер бекітілді. Су деңгейі түскеннен кейін Темірлан ауылының 2 215 тұрғыны үйлеріне оралды.

Төле би ауданында каналдардың толуына байланысты Забадам ауылына су келіп жатыр. Осы орайда су көлемін төмендету үшін Текесу су қоймасының шлюздерін жабу іске асырылуда. Бұдан бөлек, Ақжар, Сарқырама елді мекендерінде су басу қатерін алдын алу тұрғысында арықтарды тазарту шаралары атқырылуда.

Бәйдібек ауданында суды Боралдай өзенінен ағызу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Сайрам, Қазығұрт аудандарында су басқан жерлердің салдарын жою шаралалы жалғасуда.

Айта кетейік, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петровтың басшылығымен жедел топ осы өңірде жүр. Жалпы осы өңірде су басу салдарын жоюға байланысты 5 051 адам мен 1 6 87 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны