26.03.2012, 16:11 3513

ОҚО су тасқынынан келген шығын 1 млрд. 185 млн. теңгені құрады

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың ақпанында тасқын судан зардап шеккен үйлерді, көпірлер мен жолдарды қайта қалпына келтіруге 1 млрд. 185 млн. теңге қажет.

Шымкент. 26-наурыз. Kazakhstan Today - ОҚО су тасқынынан келген шығын 1 млрд. 185 млн. теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың ақпанында тасқын судан зардап шеккен үйлерді, көпірлер мен жолдарды қайта қалпына келтіруге 1 млрд. 185 млн. теңге қажет.

Бұл келтірілген шығынды есептеу үшін құрылған комиссия жұмысының алдын ала жасаған қорытынды болжамы, деп хабарлады ОҚО әкімдігінен.

Комиссияның берген мәліметіне қарағанда, қираған 7 үй мен апатты жағдайда тұрған 83 тұрғын үйдің орнына салынатын баспананың құрылысына шамамен 450 млн. теңге қажет. 280 үйдің жөндеу жұмыстарына 280 млн. теңгеге жуық қаражат керек. Сондай-ақ, облыстық маңыздағы көпірдің құрылысына 350 млн. теңге, құбырлы өтпе жолға 90 млн. теңге жұмсалуы мүмкін. Бұрынғы жолдарды қайта жөндеу 15 млн. теңгеге түседі.

Бұған дейін хабарланғандай, күннің тез жылынуы мен жауын-шашынның салдарынан облыстың бірқатар аудандарында қар күрт еріді. "Соның нәтижесінде облыс бойынша 12 аудан, 226 елді мекен су астында қалды. Қабылданған шұғыл шаралардың арқасында 7 аудан мен 186 елді мекенді су басып қалудан қорғап қалдық", - деп хабарлады ОҚО әкімдігінен.

Соңғы мәліметтерге көз жүгіртсек, 30 елді мекенде 610 тұрғын үйді су басып қалды. Олардың арасында, 7 үй мен 28 қора-қопсы қирап, 83 үй бұзылу алдында тұр, тағы 280 үй жөндеуді қажет етеді. 240 үй пайдалануға жарамды.

Елді мекендерді су басу жағдайларынан аман алып қалу үшін 38,8 шақырым қорғау бөгеттері қойылып, 68 шақырымы қайта қалпына келтірілді. 33 шақырым арық салынды және жолдың 1050 шақырымы тазартылды. 24 шлюз бой көтеріп, 22,8 шақырымдық жерде жағаны бекіту жұмыстары іске асырылды. Су тасқынынан сақтандыруға 15 мың адам мен 1238 техника жұмылдырылды.

Тасқыннан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында облыс орталығында келтірілген шығынның орнын толтыру үшін есепшот ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны