26.06.2008, 16:37 2788

ОҚО су тасқынынан зардап шеккен аудандарында студенттердің құрылыс отрядтарының 200 мүшесі еңбек етуде

ОҚО су тасқынынан зардап шеккен аудандарында студенттердің құрылыс отрядтарының 200 мүшесі еңбек етуде

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен аудандарын қалпына келтіру бойынша "Жас отандықтар" жобасының аясында студенттердің құрылыс отрядтарының 200 мүшесі еңбектенуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Жасыл ел" жас еңбек отрядтарының республикалық штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 150 адам Сарыағаш ауданының Қызыл әскер ауылындағы тұрғын үйлерді салуға және қалпына келтіруге қатысуда. Ал студенттердің құрылыс отрядтарының 20 күрескері Монтайтас ауылындағы мектепті жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Тағы 30 студент студенттердің республикалық құрылыс отрядына біріктіріліп, Арыс ауданындағы Ақдала ауылындағы екі орта мектепті салуға қатысуда.

"Алғашқы 10 жұмыс күнінде студенттер 50 млн теңгенің сомасындағы құрылыс көлемін игере алды", - деп көрсетілген жарияланған баспасөз-релизінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны