31.03.2008, 17:33 6873

ОҚО су тасқынынан зардап шеккен үш ауданның тұрғындарына арналған үй құрылыстары басталды

ОҚО су тасқынынан зардап шеккен үш ауданның тұрғындарына арналған үй құрылыстары басталды

Шымкент. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" -Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен үш ауданның тұрғындарына арналған үй құрылыстары басталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР үкіметінің шешімі бойынша құрылыс нысандарына 12 млрд теңге жұмсалатын болды. Оның 9 млн 348 мың теңгесі үкіметтің қорынан алынады, ал қалғандары Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетінен және тағы да басқа облыстардан келіп түсетін болады. Сондай-ақ, ұлттық компаниялар да қаржыны бөліп аударады.

Құрылыс жұмыстарын жүргізуге 300 құрылыс компаниясы ниет танытып өтініштерін жіберген. Алайда, оның үштен екі бөлігінің арыздары қабылданбай кері қайтарылды.

"Мен өткен жылы ескерткен болатынмын: бұдан бұрын сапасыз құрылыстарды жүргізген компаниялар "қара тізімге" кіргізіліп мемлекеттік тапсырыстан аластатылады. Сондықтан бізде құрылысқа қатысуға ниет танытқан құрылыс компаниялар саны екі есеге дейін қысқарды. Сондай-ақ, бюджет алдында берешегі бар компаниялар мен өздерінің техникасы жоқ фирмалар тізімнен шығарылды. Енді қалған 100 фирма қатарынан лайықтыларды таңдауға болады", - деп түсіндірді ОҚО әкімі Нұрғали Ишімов.

Оның сөздері бойынша, құрылысшылар үйлерді екі-үш айдың ішінде тұрғызулары керек. "Үйлердің құрылысы көп уақытты алмауы керек, күзге дейін олар салынып аяқталуы тиіс. Алайда, олар пайдалануға қашан тапсырылатынын айту қиын, өйткені үйлер электр көзіне, газ желілеріне, инфрақұрылымдарға қосылғаннан кейін ғана, мемлекеттік қабылдау актілеріне қол қойылады. Ал бұл жерде қиыншылықтар туындайтыны хақ. Ал электр трансформаторлары мен қосалқы газ станциялары кірпіш емес, оларды тез арада сатып ала алмайсың. Ондай жабдықтарға арнайы тапсырыс беріледі және оған көп уақыт кетуі мүмкін", -деді Н. Ишімов.

"Құрылыс компаниялардың жұмыстары ашық болуы керек. Олар цемент, құм, кірпіштің бағаларын көрсетулері тиіс. Теңге тұрмақ, бір тиын сыртқа кетпеуі қажет. Бұл жұмыстар мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан екі жақтан бақыланатын болады ", -деп қорытындылады ол.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ОҚО ақпан айында 50 елді мекен су тасқынынан зардап шекті. Облыс бойынша 2346 нысан судың ішінде қалып, 1478 баспана пайдалануға жарамсыз болып қалды. 453 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Сондай-ақ, 8 мектеп, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 мешіт судың ішінде қалып, төрт көпір қирады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны