11.12.2006, 18:16 3197

ОҚО температуралық режимді сақтамағандықтары үшін 19 оқу мекемелеріне айыппұл салынып, тоғызы жабу туралы өкім алды

ШЫМКЕНТ. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында тоғыз оқу-сауықтыру мекемелері температуралық режимді сақтамағандығы үшін жабу туралы өкім алып, 19 мекемеге айыппұл салынды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қазіргі уақытта облыстық санитарлық-эпидемиялық қадағалау департаменті директорының бұйрығына сәйкес санитарлық дәрігерлер мектептер мен бала бақшаларда температуралық режимнің сақталуына тексеру жүргізуде.

"547 оқу орны тексерілді. Жабу туралы тоғыз қаулының жетеуі Шымкент қаласы бойынша шығарылды. Бұлар № 15, 4, 21, 26 орта мектептері, № 2 техникалық лицей. Сондай-ақ, "Алма" және "Шамшырақ" бала бақшаларында температуралық режим сақталмаған. Бұл мекемелерді жабу жөніндегі барлық материалдар сотқа жіберілді",- деп хабарлайды департаменттің бас маманы Алмагүл Табақбаева.

Қала әкімшілігі Шымкент қаласындағы жабылуға тиісті барлық мекемелер "Южполметалл" ӨК" АҚ меншігі болып табылатын 2-ші ЖЭО-ның қызмет көрсету аймағында орналасқандығын анықтады.

Икімшіліктің бүгінгі отырысында облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник облыс әкімі Өмірзақ Шүкеевтің назарын 2-ші ЖЭО қызмет көрсету аймағында орналасқан денсаулық сақтау мекемелерінде де температураның төмен екендігіне аударды. Ө.Шүкеев 2-ші ЖЭО жұмысына қатаң сын айтып, жылу берушілерді сотқа беруге кеңес берді. Ол: "Шағым беру керек! Оны бюджеттік ұйымдардан бастайық. Білім беру, денсаулық сақтау орындарын сотқа беріңіздер!",- деді.

Жиналыста "Южполметалл" ӨК" АҚ меншігі болып табылатын 1-ші ЖЭО мен 2-ші ЖЭО жылу беру сапасы туралы мәселенің қалалық және облыстық деңгейде бірнеше рет талқыланғаны туралы ақпарат айтылды. Бұл ЖЭО-тарының жұмыс сапасы төмен, көп қабатты тоғыз үй осы уақытқа дейін жылу жүйесіне қосылмаған. Жылыту кезеңінің басында бірнеше рет а пат болған , соның салдарынан жылу беру уақытша тоқтатылған немесе мүлдем доғарылған. Жылыту жүйесіндегі температура нормативтерге сай емес, тұрғындардан пәтерлердегі температураның төмендігіне байланысты үнемі шағымдар түседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны