23.08.2010, 17:58 3803

ОҚО жергілікті тұрғынды жаралаған шекарашының үстінен қылмыстық іс қозғалмайтын болды

ОҚО жергілікті тұрғынды жаралаған шекарашының үстінен қылмыстық іс қозғалмайтын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Сарыағаш әскери прокуратурасының прокуроры Александр Подушкинге сілтеме жасай отырып.

Шымкент. 23 - тамыз. Kazakhstan Today - ОҚО жергілікті тұрғынды жаралаған шекарашының үстінен қылмыстық іс қозғалмайтын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Сарыағаш әскери прокуратурасының прокуроры Александр Подушкинге сілтеме жасай отырып.

А. Подушкиннің хабарлауынша, шекарашының әрекетінен қылмыс құрамы табылмағандықтан қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды. Қазіргі уақытта қабылданған процессуалдық шешімнің заңдылығы тексерілуде.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2010 жылдың 17-маусымында ОҚО Сарыағаш ауданының Алпамыс батыр аулының маңында шекара қызметкері мемлекеттік шекара сызығы мен инженерлік қоршау сызығының арасында жүрген екі жергілікті тұрғынды жаралаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны