23.06.2010, 12:49 3756

ОҚО "Жібек жолы" кеден бекеті жеке тұлғаларды өткізуді бастады

ОҚО Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткізу жұмыстары үстіміздегі жылдың 15-маусымында әдеттегі тәртіпте қайта қалпына келтірілген.

Шымкент. 23-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы "Жібек жолы" кеден бекеті жеке тұлғаларды өткізу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ОҚО Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ОҚО Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткізу жұмыстары үстіміздегі жылдың 15-маусымында әдеттегі тәртіпте қайта қалпына келтірілген.

Бұрын хабарлағанымыздай "Жібек жолы" өткізу бекетін қайта құру жұмыстары өткен жылдың күзінде аяқталған болатын. Бірақ қазақстан жағындағы өткізу бекетінің жұмыстары аяқтала салысымен жапсарлас жатқан "Гишт-Куприк" бекетінде қайта құру жұмыстары басталған болатын. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі кеден бекеті жұмыс істемеген болатын. Жуықта өзбек бекеті өз жұмысын бастап, екі жақтың да өткізу жұмыстары қайта қалпына келтірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны