20.07.2016, 18:48 3852

ОҚО-да 219 мыӊнан астам азамат зейнетақы алады

Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамыныӊ ОҚО бойынша филиалы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті директорыныӊ орынбасары Несібелі Қаражанова мәлім етті

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамыныӊ ОҚО бойынша филиалы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" департаменті директорыныӊ орынбасары Несібелі Қаражанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ айтуынша, осы жылдыӊ 8 сәуірінен бастап, "Халыққа қызмет көрсету орталығы", "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" және "Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық" пен "Жер кадастрі ғылыми-өндірістік орталығы" біріктіріліп, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып құрылған.

Аталған мемлкеттік корпарация "бір терезе" қағидаты бойынша халыққа қызметтіӊ 530 түрінен көмек көрсетеді. Оныӊ 315 түрін электронды кілттері бар азаматтар "Үкімет порталы" арқылы алуға мүмкіндіктері бар.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай облыс бойынша қажеттілік қаражаттыӊ сұранысына сәйкес 1 шілдеде зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдердіӊ жалпы саны 924103 құрап отыр. Оныӊ 219 218 зейнетақы алушылар болса, 98 722-сі мүгедектігіне байланысты әлеуметтік жәрдемақы алатындар. Ал бала туылуына берілетін бір жолғы жәрдемақыны 7433 азамат алса, баланыӊ бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақымен 37 949 адам қамтылып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттен берілетін әлеуметтік жәрдемақыны мына санаттағы азаматтар, яғни, асыраушысынан айрылғандар - 25 779, жасына байланысты - 797, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - 287 387, мүгедек баланыӊ тәрбиешісіне берілетін жәрдемақы - 17 235 болса, базалық зейнетақыны 227 301 адам алады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны