12.05.2018, 00:51 4774

ОҚО-да 25 мыӊнан астам мейірбике халыққа қызмет көрсетеді

Жиынға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өз саласында абыройлы еӊбек еткен қызметкерлерге өӊірдегі шипажайларға 20 жолдама мен телевизор сыйлады.

Шымкент. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкент қаласындағы облыстық опера және балет театрында халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты шара өтті.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өз саласында абыройлы еӊбек еткен қызметкерлерге өӊірдегі шипажайларға 20 жолдама мен телевизор сыйлады.

Сонымен қоса іс-шара барысында сала үздіктері облыс әкімініӊ, облыстық мәслихат пен "Нұр Отан" партиясыныӊ Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұдан бөлек, 11 медицина саласыныӊ қызметкеріне "Еӊ үздік медбике" номинациясы беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл күні елуге жуық азамат айрықша құрметке ие болды.

Жансейіт Түймебаев еліміздіӊ әлемдегі өркениетті 30 елдіӊ қатарына қосылудағы "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда сала қызметкерлерініӊ еӊбегін айрықша атап өтті.

"Денсаулық сақтау саласында еӊбек ететін қызметкерлердіӊ саны жағынан еӊ көбі мейірбикелер болып табылады. Сондықтан да Сіздердіӊ халық саулығына қосып жатқан үлестеріӊіз орасан. Бүгінгі таӊда өӊіріміздегі 110 медициналық ұйымда медбикелермен қамтамасыз ету жағы

86,8 пайызды құрайды, бұл еліміз бойынша еӊ үлкен көрсеткіш. Бүгінде өӊірдегі медицина мекемелердіӊ материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарды. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылуда", ? деді өӊір басшысы.

Бүгінде облыстағы медициналық ұйымда 25 мыӊнан астам орта буын қызметкерлері халыққа қызмет көрсетеді. Халықтыӊ денсаулығын сақтау сынды асыл міндет мемлекеттік саясаттыӊ негізі болып отыр. Осы бағытта өткен жылы 4391 медицина қызметкер біліктілігін арттырып, тәжірибе жинақтады. Оныӊ ішінде шет мемлекетке барғандар да бар. Ал осы жылы сала қызметкерлерініӊ біліктілігін арттыру мақсатында Түркия мемлекетіне жолдама беріледі деп жоспарланып отыр.

Ақ халатты абзал жандардыӊ мерекесі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны