26.10.2015, 16:09 4840

ОҚО-да 4 балдық жер сілкінісі болды

Бүгін түс қайта, нақтырақ айтсақ 15.09-да Шымкентте зілзала тіркелді. Сейсмологтардыӊ мәліметіне жүгінсек, жер қыртысыныӊ қозғалысы Рихтер шкаласы бойынша 4 балл болған

Алматы. 26 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін түс қайта, нақтырақ айтсақ 15.09-да Шымкентте зілзала тіркелді. Сейсмологтардыӊ мәліметіне жүгінсек, жер қыртысыныӊ қозғалысы Рихтер шкаласы бойынша 4 балл болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оны ғимараттыӊ ішіндегі де, көшеде жүрген азаматтар да сезген, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Қаланыӊ орталығындағы ірі сауда орталығыныӊ бірі осында келгендер мен сатушыларды, қызметкерлерді қауіпсіздік шарасын сақтап, сыртқа шығарды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттіӊ баспасөз қызметі таратқан мәліметте зілзала кіндігі Ауғанстан аумағында Рихтер шкаласы бойынша 7,2 балл болғаны айтылады. Изірге бұзылған ғимарат немесе қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны