06.09.2016, 10:43 3378

ОҚО-да 511 мыӊ азамат "Connection point" өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша кеӊес алған

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы "Connection point" өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары бойынша 7 айда 511 мыӊнан астам азаматқа кеӊес берген.

Шымкент. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы "Connection point" өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары бойынша 7 айда 511 мыӊнан астам азаматқа кеӊес берген, деп хабарлады ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Осы уақыт ішінде халықтыӊ компьютерлік сауаттылығын көтеру мақсатында облыстыӊ 309 211 тұрғыны электрондық санды қолтаӊба алған. Олардыӊ барлығы "Connection point" өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді қолдана алады.

Аудандардағы елді мекендерге шыққан Мобильдік ХҚКО-ы 1 мыӊға жуық шығыс жасап, осыныӊ шеӊберінде 36324 мемлекеттік қызмет алынды. Ал 1414 бірыӊғай байланыс орталығы арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 1926 мемлекеттік қызмет көрсеткен.

Сондай-ақ, есту және сөйлеу қабілеті нашар азаматтарға мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алулары үшін әрбір бөлімде сурдоаударма инспекторлары жұмыс жасайды.

Мемлекеттік қызметтерді үйінде 1 және 2 топтағы мүгедіктігі бар тұлғалар алатынын атау қажет. Мұндай шығуларда Мемлекеттік корпорация ХҚКО қызметкері құжаттарды қабылдау және беру, электрондық санды қолтаӊба жазу, ал қажет болған жағдайда клиенттерге электрондық үкімет порталы арқылы өздігінен мемлекеттік қызметтерді алуға үйретеді.

Бүгінде сұранысқа ие электрондық анықтамалар олар: мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктіӊ бар немесе жоқтығы туралы анықтама және зейнетақы аударымдары туралы анықтама мен ҚР азаматтарыныӊ жеке куәліктерін рәсімдеу үшін өтініштері болып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны