03.01.2018, 14:41 5417

ОҚО-да әр салада жемісті еӊбек еткен азаматтарға "Жыл үздігі" номинациясы табысталды

Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еӊбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтарға "Жыл үздігі" номинацияларын тапсыру салтанаты өтті.

Шымкент. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еӊбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтарға "Жыл үздігі" номинацияларын тапсыру салтанаты өтті.

Шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев жыл бойы атқарған істі бағалап, сол жолда жемісті еӊбек еткен азаматтар мен еӊбек ұжымдарын 52 аталым бойынша марапаттап, құттықтады.

"Қазақылықтыӊ қаймағы бұзылмаған өӊір - Оӊтүстік Қазақстан облысы жылдан жылға өркендеп келеді. Бұл Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ сарабдал саясатыныӊ және барша қазақстандықтардыӊ қажырлы еӊбегініӊ жемісі. Елбасымыз өзініӊ рухани жаӊғыру жөніндегі бағдарламалық мақаласында "Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттыӊ аймақтық немесе жаһандық нарықтағы бағасы, болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Болашақта ұлттыӊ табысты болуы оныӊ табиғи байлығымен емес, адамдарыныӊ бәсекелік қабілетімен айқындалады" деп атап көрсеткен болатын. Сіздер өз салаларыӊызда қажырлы еӊбек етіп, табандылық танытып, шығармашылық ізденістеріӊіздіӊ өрісін кеӊейте білдіӊіздер. Осы ізгі қасиеттеріӊіздіӊ арқасында жүзден жүйрік, мыӊнан тұлпар атандыӊыздар. Осынау жетістіктеріӊізбен шын жүректен құттықтаймын", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жыл үздіктерініӊ қатарында сазгер Мұхтар Құралов "Жылдыӊ үздік композиторы", айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков "Жылдыӊ үздік ақыны", Дулат Тұрантегі "Жылдыӊ үздік жазушысы", "Бөрте Милка" ЖШС-ныӊ директоры Нұралы Ибішев "Үздік инновациялық жоба", "Петро Казахстан Ойл Продакс" ЖШС-ныӊ директоры Цзян Ши "Жылдыӊ үздік инвесторы" аталымын жеӊіп алды.

Сондай-ақ, Қазақстан Суретшілер одағыныӊ облыстық филиалыныӊ төрағасы Нұрлан Шилібаев "Жылдыӊ үздік суретшісі", "NAR TV" телеарнасыныӊ директоры Ерсұлтан Имірбек "Жылдыӊ үздік журналисі", Шымкент Университетініӊ аға оқытушысы Айжарқын Садықбекова "Жылдыӊ үздік ғалымы", Кентау қалалық №3 "Білім-инновация" ер балалар лицей-интернатыныӊ мұғалімі Ғани Орынбасаров "Жылдыӊ үздік ұстазы", Шымкент қалалық №2 облыстық перинаталдық орталығыныӊ бөлім меӊгерушісі Гүлнар Илменова "Жылдыӊ үздік дәрігері", бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев "Жылдыӊ үздік спортшысы" атанды. Жыл қорытындысымен үздік деп танылғандарға облыс әкімініӊ дипломы мен естелік кәдесыйлар табысталды.

Салтанатты жиын барысында сонымен қатар, ІІ дәрежелі "Достық" орденімен "Собкор", "РАБАТ редакциясы" және "Dата" ЖШС-ныӊ директоры Валентина Куликова, "Құрмет" орденімен "Иассы" консорциумыныӊ төрағасы Үмбет Жүсіпбаев, "Облыстыӊ Құрметті азаматы" атағымен Досым Сүлеев, Асылы Осман, Серікжан Сейітжанов, Өмірзақ Мелдеханов, Орынбай Дайырбековтер марапатталды. Ал, "Облысқа еӊбек сіӊіргені үшін" медалі Жұмабек Есімовке табысталды.

Сондай-ақ, мерекелік шарада Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы шеӊберінде жыл бойы ұйымдастырылған "Туған жер - алтын бесігім" облыстық фестивалініӊ жеӊімпаздары марапатталды. Бас жүлдені иемденген Төлеби ауданына газель автокөлігініӊ кілті табысталса, алғашқы үштіктен көрінген Созақ, Бәйдібек, Отырар аудандары жеӊіл автокөліктерді иемденді. Сонымен бірге осы бағдарламалық мақаласында айтылған "Қазақстандағы 100 жаӊа есім" жобасына Оӊтүстік Қазақстан облысынан енгізілген азаматтарда қошеметке ие болды.

Салтанатты шара жергілікті өнерпаздар дайындаған мерекелік концертпен жалғасты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны