10.10.2012, 14:25 3379

ОҚО-да бақша дақылдарының рекордтық өнімі жиналды

Оңтүстік Қазақстанның қауындары француз дүкендерінде сатылуда. Енді оңтүстік аймақ республиканы жеміс және көкөніспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Шымкент. 10-қазан. Kazakhstan Today - ОҚО-да бақша дақылдарының рекордтық өнімі жиналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, оның бір бөлігі Ресей, Беларусь және Еуропаға экспортталды.

Оңтүстік Қазақстанның қауындары француз дүкендерінде сатылуда. Енді оңтүстік аймақ республиканы жеміс және көкөніспен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Жаздың құрғақ болғанына қарамастан, 1 млн 10 мың тонна астық жиналды. Осы жылы тұңғыш рет қауын мен қарбыз 50 мың гектарға егілді. Соның ішінде, Мақтаарал ауданы көшбасшы болып тұр. Рекордтық өнімнің жартысына жуығы осы ауданнан жиналды.

"Бізде биыл тамшылатып суғару әдісі 20 мың гектарға жетті. Ол бізге 13 млрд теңгеге жуық өнім өндіруге мүмкіндік берді. Жыл сайын бұл алқап 7 мың гектарға ұлғайып жатыр. Жылдар бойғы жиналған тәжрибе мен үкімет тарапынан түрлі бағдарламалар арқылы көрсетіліп жатқан көмек өнімділікті арттыруға сеп болған. Ир гектардан 186 центнерден бақша өнімдері жиналды. Бұрын соңды болмаған көрсеткіш - 1 млн тоннадан аса өнім тұтынушыға жөнелтілді. Бұл былтырғы жылға қарағанда 275 мың тоннаға көп", - дейді ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны