21.09.2015, 10:39 3944

ОҚО-да ірі жол апатынан 22 адам зардап шегіп, бір бүлдіршін қаза тапты

Тексеруден кейін 5 бала облыстық балалар ауруханасына жіберілді, 3 адам ем алуда, тағы бір зардап шегушініӊ халі ауыр, ол жан сақтау бөлімінде жатыр.

Шымкент. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - ОҚО-да ірі жол апатынан 22 адам зардап шекті, бір кішкене бала қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы қабылдау бөлімі түнде оларға түрлі жарақаттармен 22 адам және мерт болған бір жарым жастағы бүлдіршінніӊ мүрдесі жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Тексеруден кейін 5 бала облыстық балалар ауруханасына жіберілді, 3 адам ем алуда, тағы бір зардап шегушініӊ халі ауыр, ол жан сақтау бөлімінде жатыр.

Зардап шеккендердіӊ бірі Қазығұрт аудандық ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оныӊ жағдайын орташа ауыр деп бағалауда, ер адам ми жарақатын алған.

Қалған зардап шегушілер алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.

Алдын ала деректер бойынша, апат КамАз көлігініӊ тежегіші істен шығып, жолдағы 10 көлікті соғып өтуі салдарынан орын алған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны