22.07.2016, 16:50 4359

ОҚО-да IT-технологиялар саласына инвестициялар тарту жұмыстары қолға алынуда

Шетелдік меймандарға ИКК жанынан құрылып жатқан "IT-технологиялар орталығы" және оныӊ аймақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, Шымкент қаласында "Smart City" жүйесін енгізу үшін бар ресурстарды жұмылдыру сияқты мақсаттары таныстырылды.

Астана. 22 шілде. Kazakhstan Today - IT-технологияларды дамыту саласына инвестициялар тарту және Шымкент қаласында "Smart City" жүйесін енгізу жұмыстарыныӊ аясында таяуда "Шымкент" ИКК" ҰК" АҚ басшылығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы "Huawei Technologies Co. Ltd." Азиялық алдыӊғы қатарлы компаниясыныӊ өкілдерімен кездесу өткізді. Қонақтардыӊ делегациясын "Huawei Technologies Co. Ltd." компаниясыныӊ Орталық Азиядағы және Кавказдағы өкілдігініӊ президенті Цои Сии басқарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шетелдік меймандарға ИКК жанынан құрылып жатқан "IT-технологиялар орталығы" және оныӊ аймақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту, Шымкент қаласында "Smart City" жүйесін енгізу үшін бар ресурстарды жұмылдыру сияқты мақсаттары таныстырылды.

Компания өкілдері өздерініӊ топтама есептеу және шешім нұсқалары (IAAS и SAAS) саласындағы жетістіктері жайлы баяндама жасап, іскерлік қарым-қатынастарды ары қарай дамытуға мүдделі екенін білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны