06.06.2016, 13:35 3932

ОҚО-да қант зауыты ашылады

Оӊтүстік Қазақстан облысында қант зауытын ашу жобасы таяуда өӊірде өткен "Ontustik Invest-2016" форумы кезінде ОҚО әкімдігі мен "Jamal Al Ghurair Est" компаниясы арасында түзілген меморандум нәтижесінде жүзеге аспақ

Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында қант зауытын ашу жобасы таяуда өӊірде өткен "Ontustik Invest-2016" форумы кезінде ОҚО әкімдігі мен "Jamal Al Ghurair Est" компаниясы арасында түзілген меморандум нәтижесінде жүзеге аспақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қант зауытыныӊ құрылысын бастауға жер телімін қарастыру үшін таяуда Шардара ауданына жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Сапар кезінде шетелдік компанияныӊ өкілдері жергілікті шаруалармен кездесу ұйымдастырып, зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін ондағы егістікке қант қызылшасын егу жайын талқылады. Бұл шаруалардыӊ еккен қызылшасын үнемі зауытқа өткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жиында суармалы жерлердіӊ тапшылығын су каналдарын қайта жөндеуден өткізу арқылы шешу мәселесі көтерілді. Өз кезегінде, "Jamal Al Ghurair Est" компаниясыныӊ өкілі аталған мәселені шешу ісіне қатысуға дайын екенін жеткізді.

Қазіргі таӊда жобаны жүзеге асырудыӊ техникалық-экономикалық кезеӊі әзірленуде.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны