02.09.2016, 11:18 2054

ОҚО-да ҚР Президенті атынан бірінші сынып оқушыларына "Меніӊ Отаным - Қазақстан" кітабы табысталды

ОҚО-да Білім күні әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ атынан "Меніӊ Отаным - Қазақстан" кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылды, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - ОҚО-да Білім күні әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ атынан "Меніӊ Отаным - Қазақстан" кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылды, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

Жалпы, биылғы жаӊа оқу жылында облыстағы 1022 жалпы орта мектепте 611 мыӊнан аса оқушы білім алатын болады. Бұл былтырғыға қарағанда 27 мыӊ балаға артық.

Мектептерде жалпы саны - 66 412 педагог кадрлар қызмет атқарады, оныӊ ішінде 52 мыӊы (78%-ы) - санаты бар ұстаздар, қалған 22%-ы жас педагогтар. Сонымен қатар, жаӊа оқу жылыныӊ бірінші күні әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ атынан "Меніӊ Отаным - Қазақстан" кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылып, "Мәӊгілік ел" патриоттық актісі шеӊберінде бірыӊғай "Мен өз Отанымныӊ патриотымын" білім беру сабағы өткізілді.

Жаӊа оқу жылындағы жаӊалықтарға тоқталсақ. Биыл еліміздіӊ 1 сынып оқушылары бес күндік оқу аптасына көшуде. Ал аптаныӊ сенбі күні есебінен 1-сынып оқушылары мен мұғалімдеріне 34 демалыс күні беріледі.

Сондай-ақ, осы жылы білім ошақтарында бірыӊғай оқулықты енгізу жұмыстары жүре бастайды. Бұл базалық оқулықтар жаӊартылған білім беру мазмұнына көшу кестесіне сәйкес енгізіліп, республиканыӊ барлық оқушыларыныӊ білім деӊгейін теӊестіруге жағдай туғызады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны