17.06.2016, 20:08 7305

ОҚО-да медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін тойлады

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысында 19 маусым - медицина қызметкерлерініӊ кәсіби мерекесі күніне орай, салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға қатысқан өӊір басшысы дәрігерлерді төл мейраммен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады

Астана. 17 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысында 19 маусым - медицина қызметкерлерініӊ кәсіби мерекесі күніне орай, салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға қатысқан өӊір басшысы дәрігерлерді төл мейраммен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Адам өмірін ұзартуға септігін тигізетін ақ халатты абзал жандардыӊ еӊбектерініӊ өте зор екені барша жұртшылыққа мәлім. Алдағы уақытта да денсаулық сақтау ісін тиімді ұйымдастырып, халыққа көрсетіп отырған дәрігерлік көмек көлемі мен сапасын жақсартуды жоғары нәтижемен атқаратындарыӊызға сенімдімін", - деді Б.Атамқұлов.

Шара аясында аймақ басшысыныӊ медалімен және облыс әкімі мен облыстық мәслихат хатшысыныӊ құрмет грамотасы және алғыс хаттары сынды сый-сияпаттармен 30-дан астам дәрігер марапатталды. Салтанатты жиын соӊы мерекелік бағдарламаға ұласты.

Айта кету керек, облыста 7303 дәрігер мен 22368 медициналық бикелер жұмыс істейді. Соӊғы жылдары өӊірде кадрлар тапшылығы 2 есеге, ауылдық жерлерде 2,5 есе төмендеді. Медициналық мамандардыӊ қайта даярлау және біліктілігін арттыруға облыстық бюджеттен жыл сайын 300 млн. теӊгеден астам бөлініп, 10 мыӊ маман білімін жоғарылатуда.

Саладағы білікті дәрігерлердіӊ арқасында облыста өлім-жітім көрсеткіші 6,9-дан 5,1-ге дейін төмендеп, өмір сүру ұзақтығы 69 жастан 71,8-ге ұзартылды.

Жалпы, Тәуелсіздік алған ширек ғасырда Оӊтүстік Қазақстан облысында жаӊадан 347 денсаулық сақтау нысаны салынса, оныӊ 8-і "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы бойынша бой көтерген. Медициналық ұйымдардыӊ материалдық техникалық базасыныӊ жарақталу көрсеткіші 65%-ды құрап, республикалық орта көрсеткішке қол жеткізілді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны